Заречный кентіндегі 63 үйдің тұрғындары сарапшылардың қорытындысын күтуде
Заречный кентінде мехбригадалардың өкілдері 20 пәтерде бұзу жұмыстарын жүргізуде. Маңызды іске М. Жұмабаева ауданынан жұмыс күші тартылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мамандар бағалаудан өткен 63 үйге жауапты, олардың иелері технологтармен және дефектологтармен кездескен. Қазір кент тұрғындары үйлерінің техникалық жағдайы туралы сарапшылардың қорытындысын күтуде.
“Кептіруден кейін 20 пәтерде жөндеу жұмысын бастаймыз. 370 тонна қоқыс шығарылды, күніне 70 тоннадан орта есеппен шығарамыз. 7 адамнан тұратын 5 мехбригада бар. 7 бірлік техника жеткізілді”, – деді М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Досан Тасмағанбетов.