Петропавлда домбырашылар танымал күйлерді орындады
Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мереке құрметіне орай облыс орталығының басты алаңында “Күдер” домбырашылар ансамблінің музыканттары белгілі күйлерді орындады.
“Бұл бір күнде тындырылған шаруа емес. Бұл – үлкен қажырлы еңбек. Мен мұғалім ретінде оқушыларымнан жоғары орындау техникасын, шеберлік талап етемін. Менің мақсатым осы. Оқушыларымды көрсететін осындай іс-шараларға қатысқанымызға өте қуаныштымын. Біз өз музыкамызды жақсы орындауға назар аударамыз”, – деді “Күдер” домбырашылар ансамблінің көркемдік жетекшісі Тойкен Күдерова.