Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстық мемлекеттік архивте ҚР Мем

Облыстық мемлекеттік архивте ҚР Мем

Облыстық мемлекеттік архивте ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тақырыптық көрме ашылды 4 маусым күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің залдарының бірінде жыл сайынғы көрме ашылды. Ол осыдан 32 жыл бұрын Қазақстанда бекітілген мемлекеттік рәміздерге арналды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көрмеге сол кездегі газеттер, Мемлекеттік рәміздер туралы заңның мәтіні және басқа да құжаттар ұсынылды. Көрме апта бойы жұмыс істейді.

“Қазақстандықтар қатысатын Олимпиада ойындарында мемлекетіміздің туы көтеріледі. Әрдайым іс-шаралар басталған кезде Әнұран орындалады. Біз бұл көрмені архивке келушілерге арнадық: басқа қалалардан келген зерттеушілерге, мұрағаттық анықтамаларға келгендермен және мұрағат қызметкерлеріне”, – деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Мереке Баймұқанов.

Shares