Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жасөспірім 5 жылға бас бостандығынан айырылд

СҚО-да жасөспірім 5 жылға бас бостандығынан айырылд

Облыста полицейлер ұстаған жасөспірім бас бостандығынан айырылды. Ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істеген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Колледждердің бірінің 17 жастағы оқушысын СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылдың қараша айында ұстады. Жеке тінту кезінде жасөспірімнен 50 гр. болатын аса ірі көлемдегі “α-PvP” есірткісі тәркіленді.

Ұсталған жігіт тергеу барысында белсенділік танытып, барлық сұрақтарға жауап беріп отырды. Осы жылдың сәуір айында үкім шығарылған кезде ол 18 жасқа толмаған болды.

Осыны ескере отырып, сот жазаны қысқарту туралы шешім шығарды. Соған қарамастан, қылмыскер жастық шағының 5 жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді. Үкім заңды күшіне енді.

“Өткен жылы осындай жолмен отандастарымыздың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін екенін ойламастан оңай олжаға кенелуді жоспарлаған кәмелетке толмаған бес жасөспірім ұсталды. Орташа есеппен есірткі жасырушылар үш айға дейінгі мерзімде ғана жұмыс істеп үлгереді. Аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін заңнамамен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Shares