Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да басқарма басшысы тағайындалды

СҚО-да басқарма басшысы тағайындалды

СҚО әкімінің өкімімен Данияр Қуанышұлы Қуанышбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ол бұл тағайындауға дейін 2001 жылың соңынан Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Данияр Қуанышбаев еңбек жолын Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы қызметінен бастады, кейін осы ведомствода бөлім басшысы болды.

Артынша Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, кейін басшының орынбасары лауазымын атқарды.

Осы лауазымда бірнеше жыл еңбек етті, бірақ Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында тер төкті.

Shares