Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тұрғындар “Бірлік” шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстануда

Тұрғындар “Бірлік” шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстануда

Петропавл қаласының тұрғыны Екатерина Чалкина Ойқала шағын ауданында 20 жылдан астам тұрды. Су тасқынынан кейін оның 30 шаршы метрлік үйі апатты деп танылды. Осы сәтте жаңа жер үй немесе пәтер таңдау жайлы сұрақ туындады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Таңдау жасалды. Екатерина Чалкина енді дамып келе жатқан “Бірлік” шағын ауданына қоныстану туралы шешім қабылдады. Азаматша жеке үйде тұруға үйреніп қалған.

“Алдыңғы үйде анаммен, ұлыммен, келініммен және немереммен бірге тұрдым. Бізге жаңа үй өте ұнады, жиһаз, тамаша алаң бар. Ескі үй еңкіш еді, оны су шайып кетті”, – деді “Бірлік” шағын ауданының тұрғыны Екатерина Чалкина.

Shares