Петропавлдағы облыстық филармония аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
11 маусым күні Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Мақсат – террористік қауіп-қатерлерге нысанның дайындық режимін бағалау, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Оқу-жаттығуды ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті “Филармония – 2024” атауымен облыстық филармонияның аумағында өткізеді.
“Жүргізіліп жатқан іс-шараларға байланысты аталған ауданда көлік қозғалысын шектеу болады. Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдар тарапынан жұмылдырылған қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз”, – делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың хабарламасында.