Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Әкімдік тез жұмыс істеді”: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын балаларымен бірге жаңа пәтерге кірді

“Әкімдік тез жұмыс істеді”: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын балаларымен бірге жаңа пәтерге кірді

Ойқала шағын ауданының тұрғыны Ирина Гордеева төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Су тасқыны кезінде ол үйінен айырылып, саяжайда тұруға мәжбүр болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қызым Ресейде тұрады, басқа балалар менімен бірге тұрады. Ұлым екеуміз су тасқынына дейін ескі үйдің орнына жаңасын сала бастадық. Су бәрін шайып кетті. Тұрғын үй апатты деп танылды, әкімдікте жаңа шағын ауданнан үй ұсынылды, бірақ балаларыммен абаттандырылған пәтерде тұрғымыз келеді деп шештік”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Ирина Гордеева.

Ирина Гордеева пәтерді өз бетінше таңдады. Әртүрлі нұсқаларды қарастырған, солардың біріне тоқтапты, келісім тез жасалған екен, сондықтан қоныс тойын кейінге қалдырудың қажеті туындамаған.

“Әкімдік тез жұмыс істеді, менің міндетім пәтерді жедел таңдау болды. 3 бөлмелі баспана таңдадым, мұнда барлығына жеткілікті орын бар. Пәтердің жағдайы жақсы, ескі жиһазды лақтырып тастадық, жаңасын қойып, қоныстанамыз”, – деді Ирина Гордеева.

Shares