Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 285 елді мекенде өрт сөндіру кезінде сумен қамтамасыз етудің балама көздері жоқ

СҚО-да 285 елді мекенде өрт сөндіру кезінде сумен қамтамасыз етудің балама көздері жоқ

Өңірдің өрттің қауіпті кезеңіне дайындығын облыстық мәслихаттағы «AMANAT» депутаттық фракциясының және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері талқылады. Бүгінде қоғамды сумен қамтамасыз етудің балама көздерінің жоқтығы мәселесі толғандырып отыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуына қарағанда, жергілікті атқарушы органдар 285 елді мекенде сумен қамтамасыз етудің балама көздерін орнату мәселесі тиісті деңгейде шешілмей келеді. Сондай-ақ, су алу үшін өрт пирстерін салу проблемасы да өткір. Ауыл-аймақтарды құрғақ өсімдіктерден, қамыстан, күл қоқыстан және басқа да жанғыш қалдықтардан тазарту жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының бойында минералданған жолақтарды орнату бойынша жұмыс белсенді емес.

«Елді мекендердің айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 177 км минералданған жолақ салу қажет. Бүгінде соның 1 678 шақырымында ғана арнайы жолақ құрылған. Орман алқаптарында әлі күнге дейін жержырту жұмыстары аяқталған жоқ. Өрт туындаған жағдайда қауіпті аймақтардан адамдар мен малды эвакуациялау мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Алайда бірде-бір аудан уақытша эвакуациялау орындарын анықтаған жоқ», – деп атап өтті Аслан Ахметжанов.

Биыл профилактикалық іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазірорман шаруашылықтарында 14 өрт сөндіру станциясы, 25 өрт сөндіру автомашинасы, тіркемелі құралдары бар 87 трактор, 30 цистерна дайын. Өрт бола қалған жағдайда лезде хабарлайтын 810 радиостанция бар. Сонымен қатар, 16 интерактивті бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Мұнымен қоса, орманды бақылау үшін 3 пилотсыз ұшу аппараты пайдаланылады. 80 тонна көлемінде жанар-жағармай материалдары қоры жасақталды.

Shares