Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Петропавл жылу желілері” серіктестігі жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтарды аяқтады

“Петропавл жылу желілері” серіктестігі жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтарды аяқтады

“Петропавл жылу желілері” ЖШС жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтарды аяқтады. Сынақ барысында 50-ге жуық технологиялық бұзушылық анықталды, магистральдық желілердің жарамсыз учаскелері жөнделетін болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Севказэнерго” АҚ хабарламасында айтылғандай, 24 маусымнан бастап ПИК және МИБ төрағаларымен бірлесе отыра ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін сынақтан өткен магистральдарды кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылатын болады.

“Ыстық суды қайта беру жайлы ақпарат “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ сайтындағы “Жоспарлы сөндіру” бөлімінде орналастырылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, жылу желілерін гидравликалық сынау жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінің құбырлары мен жабдықтарының ақауларын анықтау үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі”, – делінген компания хабарламасында.

Shares