Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері қоймада заңсыз алкоголь өндірген “цехты” анықтады

СҚО полицейлері қоймада заңсыз алкоголь өндірген “цехты” анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне акцизсіз алкогольді заңсыз сақтау фактісі туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп келіп түскен мәліметті тексеруді жүзеге асырды. Петропавлдың 34 жастағы тұрғынына тиесілі қоймадан құрамында спирті бар контрафактілі өнім шығаратын “цех” анықталды.

“Үй-жайдан жалған акциздік маркалары бар 660 бөтелке, құрамында спирті бар жалған өнімі бар 44 бес литрлік пластикалық бөтелке, 11 бес литрлік таза спирт бөтелкесі, акциздік маркалар, шыны ыдыстар, 200 литрлік бөшке, спиртометр және басқа да жабдықтар тәркіленді. Аталған факті бойынша жиналған материал СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Shares