2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 8,9 млн ағаш отырғызылды
Өңірде алғашқы жартыжылдықта 1400 гектар жерге 8,9 млн ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы 2100 гектар алқапқа қосымша 13,1 млн түп отырғызылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
⠀
“AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңесте партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша орман алқабын 7,5 мың гектарға ұлғайту мәселесі талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Марина Подоксенова атап өткендей, биылғы жоспар 3500 гектар аумаққа 22 млн ағаш егуді құрайды. 2025 жылы 7 мың гектар жерге 45,03 млн түп көшет отырғызу жоспарлануда.
⠀
Өңірлік экологиялық кеңесте “TazaLike” жобасы аясында ауқымды экологиялық акциялар өткізу тақырыбы қарастырылды. Бұл мәселе партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында бөлек көрсетілген.
“”TazaLike”жобасы шеңберінде ауқымды экологиялық акциялар мен өңірдің жастарын, белсенділері мен көрнекті тұлғаларын тарта отырып, “Таза бейсенбі” жобасы шеңберінде апта сайынғы “Таза бейсенбі” акциясын жалғастыру қажет. “Жастар Рухы” жастар қанатынан Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны іске асыруды жалғастыруды сұраймыз”, – деді кеңес төрағасы Ирина Эктова ұсынды.