Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанда бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді

Үкімет шілденің 3 күні су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Zakon.kz ақпараттық ұйымына сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.

Жалпы алғанда, әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар.

Үкімет резервінен қомақты қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Shares