Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда залалды өтеу жөніндегі комиссия мүшелері 150 АЕК дейін төлем алмағандарды қабылдауда

Петропавлда залалды өтеу жөніндегі комиссия мүшелері 150 АЕК дейін төлем алмағандарды қабылдауда

Петропавлда зардап шеккен жандарға келтірілген залалды өтеу жөніндегі қоғамдық комиссия жұмысын жалғастыруда. 4 шілде күні қалалық әкімдікке қандай да бір себептермен 150 АЕК-ке дейін төлем алмағандар келді. Бұл қаражат жиһаз бен тұрмыстық техниканы, сондай-ақ басқа да тұрмыстық заттарды сатып алуға арналған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бұл адамдардың неге төлем алмағанын түсіндірейін. Олардың арасында құжаттарды жоғалтқандар, уақытында мұрагерлікке кірмегендер бар. Осыған байланысты 150 АЕК-ке дейінгі соманы төлеу рәсімі кешіктірілді. Комиссия келгендердің барлығын қабылдайды. Абыр-сабыр жоқ, адамдар түсіністікпен қарайды. Осы аптада біз бұл төлемді жабамыз деп ойлаймын”, – деді қоғамдық комиссияның залалды өтеу жөніндегі мүшесі Иманғали Татваев.

Әсия Мұстафинаның ата-анасы Заречный ауданында тұрады. Үй қалпына келтіруге жарайды. Азаматша әкімдікке ата-анасының тиісті төлемді қашан алатынын білу үшін келіп отыр.

“Топан су келгенге дейін бұл үйде 40 жыл бойы ата-анам тұрды. Олар қазір де тұрып жатыр. Өздеріне сол жерде жайлы. Біз өз қаржымызға қалпына келтіреміз, ақша қажет, қарыз аламыз. Жиһаз бен техника дер кезінде шығарылмады, оларды қайтадан сатып алу керек. Ата-анамның құжаттары әкімдікте екенін білемін, төлем туралы білуге келдім”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Әсия Мұстафина.

Shares