80-90-шы жылдардағы хит әндер Достық үйінде шырқалды
Петропавлда ретро стильдегі музыкалық кеш өтті. Оны Достық үйінің базасында “Ассамблея Жастары” РҚБ СҚОФ мүшелері ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Концертке еріктілер мен түрлі жастағы қала тұрғындары шақырылды. Өнерпаздар қонақтарға ән айтып, би билеп қана қойған жоқ, көрермендерді биге шақырды.
“Түрлі жастағы адамдар ұнататын 80-90-шы жылдардағы хит әндер шырқалып жатыр. Егде жастағы адамдар жастықты, жағымды сәттерді еске алады. Кешке келген қонақтар барынша көңіл көтергенін қалаймыз”, – дейді “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова.