Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 350 кг сапасыз тамақ өнімдері кәдеге жаратылды

СҚО-да 350 кг сапасыз тамақ өнімдері кәдеге жаратылды

СҚО аумағында 4 ет өңдеу кәсіпорны, 39 сою алаңы, 12 құс фабрикасы, 106 СТФ жұмыс істейді. Нысандарда өндірістік бақылау бөлімшелері құрылған, өндірілетін тамақ өнімдерін мониторингтік зерттеу жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары 232 884 мыңнан астам зерттеу жүргізді. 350 кг сапасыз өнім кәдеге жаратылды. 2024 жылы жүк көлемі 64 472 тоннаны құраған 4 629 көлік тексерілді. Көліктерде 1886 бас мал және 3 033 731 бас құс болған”,- деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. Оразбек Батырбеков.

Ведомство басшысының міндетін атқарушы тексеру кезінде Ресей Федерациясының аумағына 58 бірлік көлік қайтарылғанын, 33 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, оларға 1 218 360 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты.

Shares