“Бірлік” шағын ауданындағы жаңа қоныстанушыларға 51 үйдің кілті табысталды
Дамып жатқан “Бірлік” шағын ауданында 3 мың адам тұрады. Бүгінде 100 отбасы өз үйлерін алып үлгерді. 5 шілде күні жаңа қоныстанушыларға тағы 51 баспананың кілті берілді. Азаматтар оларды “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қолынан алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Құрылысшылардың ерлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында біз қысқа уақыт ішінде алғашқы 100 жаңа үйді салып, олардың кілттерін тапсырдық. Бүгін тағы 51 отбасы жаңа тұрғын үйдің иесі атанды. 700 үйдің құрылысына “Қазақстан халқына” қоры, “Каспий” компаниясы, “Қазминералс менеджмент” компаниясы және “Қазақмыс” корпорациясы демеушілік жасады”, – деп атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Дмитрий Опарин отбасымен бірге Ойқала шағын ауданында 12 жылдан астам өмір сүрді. Енді жаңа қоныстанушылар жаңа жерге біртіндеп үйренеді.
“Мен жеке үйде тұруға үйренгенмін, қаланың сырт жақтарынан үй іздедім, бірақ табылмады. Сөйтіп мұнда тұруды жөн көрдм. “Бірлік” – дамушы аудан. Инфрақұрылымы мен өмір сүруге арналған нысандары бар, енді кейбір мәселелер тез шешіледі деп ойлаймын”,- деді шағын ауданның тұрғыны Дмитрий Опарин.
Наталья Мур да Ойқалада көптеген жылдар бойы өмір сүрді. Су тасқынынан кейін әйелдің үйі одан әрі тұруға жарамайтын күйге түсті.
“Осы күндері бәрі уайымдады, жүректері қатты соқты. Енді мен тынышталдым, өмірді таза парақтан бастаймын. Әрине, ескі үй өкінішті, ол апатты деп танылды және оған кіруге де рұқсат етілмеді. Онда көптеген естеліктер қалды”, – деді “Бірлік” шағын ауданының тұрғыны Наталья Моор.
Ольга Тутованың да отбасында бүгін қуанышты оқиға. Олар үшін қоныс тойын күту кезеңі ресми түрде артта қалды.
“Біз тігін фабрикасы орналасқан жерде тұрдық. Мен, күйеуім, қызым және ұлым. Бірден жерүйде тұрамын деп шештім, осыған үйренгенмін, қатынау қиынға соғатыны түсінікті, кемшілік осы ғана, басқа артықшылықтарды ғана көремін”, – деді “Бірлік” шағын ауданының тұрғыны Ольга Тутова.
Жаңа шағын ауданда балабақша құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ “Жайлы мектеп” ашылады.