Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да Домбыра күні туған тұңғыш балаға домбыра табысталды

СҚО-да Домбыра күні туған тұңғыш балаға домбыра табысталды

Ұлттық домбыра күні СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның өкілдері перинаталдық орталыққа барды. Олар мереке күні өмірге ұл әкелген азаматшаны құттықтады Қонақтар бос келмеген. Меймандар баланың анасына домбыра табыстады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бұл акцияны ҚХА 2018 жылдан бері өткізіп келеді, жетінші рет осы тамаша мерекеде келіп отырмыз. Біз балаға домбыра сыйладық, ал анасына гүлдер мен сыйлықтар табыс еттік”, – деді СҚО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцкий.

Shares