ҚР экономикалық зерттеулер институты Петропавлды инфрақұрылымды дамыту деңгейі бойынша жоғары бағалады
Отандық экономикалық зерттеулер институтының мамандары қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді. Сауалдар бірнеше факторларға байланысты қойылды: экономика және бизнес, адами ресурстарды дамыту, инфрақұрылым, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Сарапшылардың пікірінше, елімізде орташа өмір сүру деңгейі 2023 жылы он балдық шкала бойынша 4,6 құрады. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,8 баллды құраған. 25 ірі қаланың 17-сінде рейтинг 2022 жылмен салыстырғанда төмендеді.
Тұрғын үй жағдайларының, жолдардың, қоғамдық қауіпсіздіктің, экологияның жай-күйін бағалау бойынша ҚР экономикалық зерттеулер институтының рейтингіндегі барлық қала үш топқа бөлінді. Жасылға Петропавл, Түркістан, Ақтау, Степногорск және Тараз сынды қалалар көшбасшы ретінде кірді. Инфрақұрылымды дамыту деңгейі бойынша бұлар салыстырмалы түрде жоғары балл алды. Салыстырмалы түрде жақсыдан сыни деңгейге дейінгі орташа топта 16 қала бар. Зерттеу авторлары тағы бес ірі орталықты қызыл аймаққа жатқызды: мұнда ауа, су, қалалық инфрақұрылымның сапасы мен тазалығы туралы ең маңызды бағалаулар алынды. Аутсайдерлер қатарына Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе және Талдықорған кірді.