Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қала күнін мерекелеу ауқымды концертпен аяқталды

Петропавлда қала күнін мерекелеу ауқымды концертпен аяқталды

Петропавлдықтар екі күн бойы қала күнін атап өтті. Яғни, қаланың әр түкпірінде ұйымдастырылған шығармашылық, спорттық және интерактивті ондаған іс-шара жұртшылық үшін артта қалды. Шаһардың басты алаңында өткен “Сүйікті қалам” гала-концерті ауқымды мерекелеудің соңғы аккорды болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Шара басында жиналғандарды облыс әкімі қала күнімен құттықтады. Құттықтауында Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл өзгере беретінін атап өтті.

“5 жыл ішінде барлық апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылады. 2 жыл ішінде 4 жаңа “жайлы мектеп”, балабақшалар, үстел теннисі орталығы және спорт кешені салынады. Бұзылған жерлерде жаңа көпқабатты үйлер тұрғызылады. Ал биыл 53 көшенге асфальт төселеді, оның 39-ында ешқашан асфальт болған емес. 5 жыл ішінде біз барлық топырақ жолды асфальт төсеміне ауыстырамыз. Биыл 60 ауланы жаңартуды жоспарлап отырмыз. 5 жыл ішінде барлық 254 аула заманауи талаптарды ескере отырып абаттандырылады”, – деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы түрлі сала ардагерлеріне наградалар да табыс етті, сондай-ақ су тасқынына қарсы күрес кезінде батылдық көрсеткен теріскейліктердің еңбегін атап өтті.

Ресми бөлімнен кейін қала тұрғындары үшін Қазақстанның эстрада жұлдыздары – Гүлмира Ізбасханова мен Артур Давлетьяров өнер көрсетті. Сонымен қатар, кеш қонақтарын “Түнгі қала” атты музыкалық бағдарлама күтіп тұрды.

Shares