Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар “Солтүстік жұлдызы” саябағында бір-бірін ашық түстермен бояды

Петропавлдықтар “Солтүстік жұлдызы” саябағында бір-бірін ашық түстермен бояды

Қала күніне арналған “Жас қала” атты бояулар шоуы – шаһар тұрғындары үшін ұйымдастырылған ең жарқын шараның бірі. Петропавлдықтар бұл шараны жақсы біледі және жақсы көреді, сондықтан оған белсенді қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бояулар фестивалі “Солтүстік жұлдызы” саябағында өтті. Күннің екінші жартысында ауа-райы аздап өзгергеніне қарамастан, қала тұрғындары мерекені мұқият тамашалады, белсенді қатысты.

Сондай-ақ, көрермендер үшін “Domino” тобы өнер көрсетті, кейін петропавлдықтар диджейлер дайындаған туындыларға биледі.

Shares