Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық прокуратура қылмыспен күрес бойынша жабық кеңес өткізді

Қалалық прокуратура қылмыспен күрес бойынша жабық кеңес өткізді

Қалалық мәдениет үйінде Петропавл қаласының прокуроры Тыныбек Сапаровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті. Оның қатысушылары қылмысқа қарсы күрес туралы айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кеңеске қала әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, полиция басқармасының бастығы, бөлім басшылары мен орынбасарлары, пробация қызметі бөлімінің өкілдері, мектептер мен колледждердің директорлары, сондай-ақ қала прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейту, жасөспірімдер қылмысын және криминогендік жағдайдың нашарлауына ықпал ететін басқа да құқық бұзушылықтарды азайту туралы бірқатар тапсырма берілді.

Shares