Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 19-шы ықшам ауданда ашық жатқан ағаш табыт петропавлдықтар арасында қызу талқыға түсті

19-шы ықшам ауданда ашық жатқан ағаш табыт петропавлдықтар арасында қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде ашық жатқан ағаш табыттың суреті желдей есті. “Ерекше мүліктің” иелерін полицейлер тапты, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі әзіл жазды.

«Біреу өлу туралы ойын өзгертті», «Бұл бір бөлмелі жаңа тұрғын үйдің бірінші қабаты», «Иесіне табыт ұнамай, басқасын сатып алуды шешті», «Мен мемлекеттік баж салығын төлеген жоқпын», «Қолжетімді баспана бағдарламасы»,- деп тұрғындар түрлі ойларын білдірді.

СҚО ПД өкілдерінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Петропавл қаласының солтүстік бөлігіндегі аудандардың бірінде қалдырылған табыт табылған. «Бұл факті қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің ақпараттық кітабына тіркелген. Анықталғандай, қорапты Петропавл қаласы, Георгий Жуков көшесі 17 мекен жайында орналасқан “Qyzyljar qalalyq meshiti” қызметкерлері қайта өңдеу үшін шығарған. Қазіргі уақытта табыт мешітке кіргізілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала тұрғындары мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. 2014 жылы Қопай ықшам ауданындағы қала тұрғындары терезелерінің түбінен құлпытас үйіндісін тапқан болатын.

 

Shares