Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 1700 адам ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының мүшелерінен көмек алды

СҚО-да 1700 адам ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының мүшелерінен көмек алды

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының мүшелері көктемде су тасқыны кезінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

Іс-шараға Қызыл Жарты Ай филиалдары мен Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының қызметкерлері мен еріктілері қатысты.

“Халықаралық Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест Қоғамдары Федерациясының апаттар кезіндегі шұғыл көмек Қорының қолдауымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен халықтың неғұрлым осал топтарына материалдық көмек көрсетеміз. Көмек Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жасалады. Көмекке мұқтаж адамдар тобын анықтадық. Бұл – балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы және толық емес отбасылар, егде жастағы адамдар, жалғыз тұратын адамдар және мүгедектігі бар отбасылар. СҚО-да жоспар бойынша 2000-ға жуық адам болады. Бүгін 1700 көмек алды”, – деді жоба үйлестірушісі Елена Қыстаубаева.

Shares