“Қалалық әкімдікке мамандар өте қажет”: Шаһар басшысы Серік Мұхамедиев өзекті мәселеге тоқталды
Облыс орталығында мемлекеттік қызметті қоса алғанда, түрлі салада білікті мамандар жетіспейді. Тікелей эфир барысында бұл мәселені Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев ашық айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қала басшысының атына мемлекеттік сатып алу кезінде қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары жіберген бұзушылықтар туралы мәселе келіп түсті . Мұндай фактілер орын алды, деп растады облыс орталығының басшысы. Серік Мұхамедиевтің айтуынша, әрбір жағдай жеке қарастырылған.
“Мамандардың жетіспеушілігінен қызметкерлер мемлекеттік сатып алу кезінде қателіктер жіберді. Егер мен қателеспесем, жұмыстан шығару, жазалау, тәртіптік кеңеске салу жайты үш рет болды. Қалалық әкімдікке мамандар, әсіресе бухгалтерлер өте қажет”, – деді Серік Мұхамедиев.