Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда СҚО ҚХА жастар қанатының кеңейтілген отырысы өтті

Петропавлда СҚО ҚХА жастар қанатының кеңейтілген отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде “Ассамблея жастары” РҚБ төрағасының орынбасары Урмашов Александр Николаевичтің басшылығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Отырысқа ҚХА мүшелері, СҚО ҚХА өкілдері, “Ассамблея жастары” РҚБ Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша өкілдіктерінің басшылары мен белсенділері қатысты.

Кездесуде Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайтуға, оның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған жобалар талқыланды. Кездесуге қатысушылар халықаралық жобаларды іске асыру, сондай-ақ СІМ, МАМ және ҒЖБМ басшылығымен өткен “Ассамблея жастары” РҚБ стратегиялық сессияларының қорытындысы бойынша ел жастарының әлеуетін ашу туралы айтты.

Shares