Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жалпы құны 32 млн теңге болатын астық Қостанай облысына заңсыз сатылмақ болған

СҚО-да жалпы құны 32 млн теңге болатын астық Қостанай облысына заңсыз сатылмақ болған

Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жетекшісі жүгінді. Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөліктер тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендетеді», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.

Shares