Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да “Enbek Fest’24” бос орындар жәрмеңкесі өтеді

СҚО-да “Enbek Fest’24” бос орындар жәрмеңкесі өтеді

2024 жылы ҚР-да Халықаралық жастар күнін мерекелеу “Жастармен бірге!” ұлттық онкүндігі форматында өтуде. Ол 3-12 тамыз аралығына белгіленген, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ұлттық онкүндік аясында әр күні тақырыптық шаралар өтеді. Бастамалар Солтүстік Қазақстан облысының әрбір ауданын қамтиды.

“Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев және Шал ақын аудандарында “Jasyl Marathon 24” ұранымен эко-турнирлер өтті, іс-шара аясында саябақ аумақтарын, өзендер мен көлдердің жағалауларын тазарту, тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын абаттандыру және қоқыстан арылту жүргізілді. Ғ. Мүсірепов ауданында ашық аспан астында Жастар орталығы қазақстандық “Дос Мұқасан” көркем фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды, Айыртау ауданында да ашық аспан астында кино кеші өтті. Аудандарда әлеуметтік желілерде “Abai Day” атауын алған жастар видео-челленджі, “Жастармен бірге!” жастары фестивалі ұйымдастырылады,- деді СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығы Жастар бастамалары бөлімінің басшысы Анастасия Волкова.

Сондай-ақ, жастар үшін Халықаралық жастар күні аясында әр ауданда және қалада “Enbek Fest’24” бос орындар жәрмеңкесін өткізу көзделген. Жастармен кездесулер де болады, соның бірінде жастар облыс әкімімен жүздеседі.

Shares