Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлері «Jas Kenes Siylygy» байқауына қатысады

Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлері «Jas Kenes Siylygy» байқауына қатысады

«ПЗТМ» АҚ бес қызметкерін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің бастамасымен ұйымдастырылған «Jas Kenes Siylygy» республикалық конкурсына қатысу үшін жібереді. Сыйлық жыл сайын 7 номинация бойынша беріледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңдеу өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, агроөнеркәсіп секторы, тамақ өнеркәсібі ұйымдары, энергетика секторы және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін номинация «Önerkäsıp» деп аталады. Онда Петропавл ауыр машина жасау зауытының өкілдері бас жүлде – 1 миллион теңгеге таласады. Кәсіпорыннан Әлібек Уатаев, Антон Полуян, Иван Демин, Николай Лихоносов, Данил Замяткин сынды мамандар жаңа отандық байқауға қатысуға өтінім тапсырды.

Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды «Jas Kenes Siylygy» байқауының арнайы комиссиясы үш кезеңде қарайды.

Іс өтінімдерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын техникалық бағалаудан басталады. Кейін комиссия мүшелерінің келіп түскен өтінімдерді жеке қарауы болады. Осы кезең шеңберінде комиссия мүшелері өтінімді әртүрлі көрсеткіштер бойынша он балдық шкала бойынша бағалайды. Үшінші кезеңде комиссия мүшелерімен офлайн немесе онлайн форматта сұхбаттасуға кандидаттардың қысқа тізімін шақыру орын алады. Комиссия мүшелерінен ең көп балл жинаған екі кандидат өз номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылады.

«Jas Kenes Siylygy» байқауының қорытындысы 15 тамызда жарияланады.

Shares