Петропавлда ЖРО белсенділері Абай күніне орай өлең оқыды
Қалыптасқан дәстүр бойынша ел тұрғындары Абай күнін 10 тамызда атап өтеді. Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес, көрнекті қазақ ақынының туған күні Қазақстанда ресми мереке күні болып саналады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Абай күніне орай Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділері ақын бейнеленген үлкен панноның жанында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл панно ұлы ойшылдың құрметіне берілген қаламыздағы көшенің бойында орналасқан.
«Маңызды іс-шара «Жастар ассамблеясы» РҚБ филиалы мен «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ бірлесіп өткізілуде. Жастар өлең оқиды, сонымен қатар Абай мен Пушкин ескерткішінде «Көзімнің қарасы» әнін шырқайды», – деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.