СҚО-да 7 балалар сауықтыру лагерін жөндеуге 755 млн теңгеден астам қаражат бөлінді
Білім басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында 10 жаздық сауықтыру лагері жұмыс істейді, оның үшеуі сенімгерлік басқаруға берілген, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Осы жазда демалыстың барлық түрлерімен 64 мың оқушы қамтылды. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 6 мыңға жуық адам демалды.
СҚО-да биыл алғаш рет 7 балалар сауықтыру лагеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 755,4 млн теңге бөлінді. Су тасқынынан кейін Қызылжар ауданындағы “Серебряный бор” және “Орленок” лагерлері қалпына келтірілді. Қазір СҚО білім басқармасында балалардың сауықтыру лагерлерін жаңғыртудың жол картасы әзірленуде.