Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жыл сайынғы “Олимпиадалық 100 үздік мектеп” республикалық рейтингіне СҚО-ның 4 мектебі кірді

Жыл сайынғы “Олимпиадалық 100 үздік мектеп” республикалық рейтингіне СҚО-ның 4 мектебі кірді

“Мектептерге арналған PISA” жыл сайынғы республикалық зерттеуінде Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары өңірлер арасында жалпы есепте 1-ші орын иеленіп, елімізде үздік атанды. Бұл жетістікпен Тамыз конференциясы барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов бөлісті. Біздің облыстың балаларының қоржынында басқа да марапаттар бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Биыл елімізде алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өткізілді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының командасы 21 жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, Петропавлдағы бірінші гимназиясының түлегі Егор Глухих республикалық лингвистикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша үздік атанды, ол Бразилиядағы халықаралық олимпиадада біздің облыс пен еліміздің атынан өнер көрсетті.

Жыл сайынғы “Олимпиадалық 100 үздік мектеп” республикалық рейтингіне Солтүстік Қазақстан облысының 4 мектебі кірді. Бұл – “ЛОРД” мектеп-лицейі, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимазия, Бірінші қалалық IT-лицей, “Білім-Инновация” лицейі. Айта кетейік, еліміздің 590 мектебі үздік олимпиадалық мектеп атану үшін өзара күресті.

Shares