Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да «Қалқан-2024» жедел оқу-жаттығуы өтеді

СҚО-да «Қалқан-2024» жедел оқу-жаттығуы өтеді

2024 жылғы 20 тамыз бен 23 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Қалқан-2024» жедел оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО әкімдігінің хабарлауынша, іс-шараға жергілікті атқару, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өкілдері қатысады. Оқу-жаттығу мақсаты – дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша бірлескен жедел-іздестіру және өзге де әрекеттер кешенін пысықтау.

“Осыған байланысты азаматтарды автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз”,- делінген СҚО әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың халық арасында таралмауына жол бермеу қажет.

Shares