Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полицейлер, прокурорлар мен еріктілер 100-ден астам граффити жазуды бояды

СҚО-да полицейлер, прокурорлар мен еріктілер 100-ден астам граффити жазуды бояды

Солтүстікқазақстандық прокурорлар мен полиция қызметкерлері Петропавлда жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауқымды акция өткізді. Оның мақсаты – жасөспірімдерді нашақорлыққа тартудың алдын алу. Олардың үндеуіне 50-ден астам ерікті жауап беріп, қала көшелеріндегі синтетикалық есірткі сататын интернет-ресурстардың мекенжайлары жазылған граффити жазуларды бояу үшін шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Граффитидің орнына қоршауларда, үйлер мен гараждардың қабырғаларында “Есірткіге жол жоқ” деген жазулар пайда болды.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Руслан Сапаровтың сөзінше, жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері граффити жазуларды бояу бойынша 7 акция өткізді. Ол өз сөзінде t.me/sko_narkohelp_bot” Telegram-ботына күдікті сілтемелерді жіберу арқылы кез келген адам есірткімен күресте өз көмегін көрсете алатынын да айтты.

Shares