Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы шулы автосервистің иесі әлеуметтік желі арқылы анықталды

Петропавлдағы шулы автосервистің иесі әлеуметтік желі арқылы анықталды

Тәулік бойы жұмыс істейтін автосервистің жанында тұратын Петропавл тұрғындары түнгі уақыттағы шуға шағымданған. Олар Instagram желісі арқылы бейнеролик жариялады, онда автосервистен шыққан қатты музыка мен өндірістік шу жазылып қалған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Полиция әлеуметтік желілерді қадағалап, видеоны тауып, жедел әрекет етті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген қызметкердің жеке басын анықтап, оны жауапқа тартты.

“Полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтін көлік жөндеу шеберханасы мен автокөлік құралдарын жуу бойынша мамандандырылған орынның қызметкерлерімен түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша қосымша профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, – деп жариялады Петропавл қалалық полиция басқармасы.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қала және облыс тұрғындарынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жедел әрекет ету үшін әлеуметтік желілерде осындай фактілер туралы ақпаратты жариялап қана қоймай, құқық бұзушылықтың орналасқан жерін, күні мен уақытын көрсете отырып, жедел түрде полицияға мобильдік қосымша немесе “102” нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу бойынша 1369 хабарламаға жауап берді, оның ішінде 1089-ы Петропавлда тіркелген.

Shares