Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі маңызды салаларға тоқталып, негізгі міндеттерді атап өтті

СҚО әкімі маңызды салаларға тоқталып, негізгі міндеттерді атап өтті

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда биылғы жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Осы кезеңде облыс экономикасы тұрақты дамып келеді, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1% өсіммен 118 млрд теңгені құрады, өнеркәсіпте 3,7% өсіммен 378 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Машина жасау кәсіпорындарының тапсырыс қоржыны 2,9 есеге өсіп, 239 млрд теңгеге жетті.

Қаңтар-шілде айларында облысқа 211 млрд теңге инвестиция тартылды. Құрылыста 102 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді, өсім 6,3% құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне экономикалық өсім бойынша айлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, инвестициялық жобалардың іске асуын жеке бақылауға алуды, сондай-ақ инвестиция тартудың қосымша резервтерін табу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Shares