Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өткен сәнді этно-көрсетілімге 50-ден астам адам қатысты

Петропавлда өткен сәнді этно-көрсетілімге 50-ден астам адам қатысты

Петропавлда балалар арасындағы қайырымдылық этно-көрсетілімі өтті. Сән шоуы Оқушылар сарайында ұйымдастырылды. Оны Алматы қаласында тұратын және сонда жұмыс істейтін СҚО тумасы Әсемгүл Қапарова өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Туған өлкенің өміріне бейжай қарай алмаймын, сондықтан қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен өзімді белсенді деп атай аламын, өйткені 15 жылдан бері еріктімін. Балалар үйлерімен, түзету интернаттарымен жұмыс істеймін, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды ұйымдастырып жүрмін. Жазда отбасылық типтегі балалар ауылының бар екенін білдім, 21 тамыз осы ұйымның туған күні болды. Мен 18 бала үшін жоба ұйымдастырдым, олар актерлік шеберлік курсына, хореографияға қатысып, психологпен жұмыс істеді. Кейіннен бұл жобаға тілек білдірген барлық бала қосылды. Олардың саны – 20 адам. Көрсетілімге 15 адамнан тұратын балалар ауылының қызметкерлері қатысады”,- деді этно-көрсетілімді ұйымдастырушы Әсемгүл Қапарова.

Көрмеге қатысушыларға ұсынылған барлық киім оларға сыйлық ретінде беріледі. Киімдер демеушілердің қаражаты есебінен сатып алынған. Көрсетілімге барлығы 55-ке жуық модель қатысты.

“Мен 13 жастамын. Жобаға модель болғым келгендіктен келдім. Подиумда жүргенді ұнатамын, бұл іс бізге үйретілді. Басқа да сабақтар болды”, – деді жоба тәрбиеленушісі Софья Новолетова.

Петропавлда балалар этно-көрсетілімі үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұрын мұндай шоулар үшін қаламыздағы СОО ұсынған алаңдар пайдаланылды.

Shares