Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру жайлы

Ғауез Нұрмұхамбетов “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру жайлы

Петропавлда ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдағы табысты өсіруге арналған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өткен жылы ауыл тұрғындарына жеке бизнесін  дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді. 250 жаңа жұмыс орны ашылды. Негізінен ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға, сауда және қызмет көрсету нысандарын ашуға, сондай-ақ жаңа кооперация құру үшін  мемлекеттің қолдауына жүгінді.

“Бағдарламаға сұраныс көп, сондықтан оны жүзеге асыруды жалғастырамыз. Биыл 91 жобаны қаржыландыру жоспарлануда, 150 жұмыс орны ашылмақ. Қой мен құс шаруашылығы және жемшөп өндірісі басым бағыттардың қатарында”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares