Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы жарияланады
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл іс-шараға сенаторлар мен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі комиссияның, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және жалпы жұртшылықтың өкілдері қатысады.
Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 6-шы Жолдауы болмақ. Президенттің Қазақстан халқына “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты алдыңғы Жолдауы 2023 жылғы 1 қыркүйекте жарияланды.