Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің үшінші корпусы жұмысын тоқтатты

Қозыбаев университетінің үшінші корпусы жұмысын тоқтатты

Қозыбаев университетінің үшінші корпусында қоңырау уақытша соғылмайды. Нысанның жарамсыз күйде болуына байланысты Тіл және әдебиет институтының педагогикалық құрамы және 700-ге жуық студент басқа оқу ғимараттарына көшірілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Университет ректоры бұл мәжбүрлі шара екенін айтты. Ол болашақ филологтар – орыс, қазақ және шет тілі мұғалімдері, сондай-ақ оқытушылар қауіпсіздік үшін басқа ғимаратқа орналастырылғанын мәлімдеді.

“Ғимараттың жағдайына қатысты сараптама екі жыл бұрын жүргізілген. Профильдік компанияның есебінде ғимараттың жекелеген құрылымдары, атап айтқанда іргетасы, төбелері қанағаттанарлықсыз күйде екендігі жазылған. Мән-жайды толық түсінгенге дейін біз оқытушылар мен студенттерді басқа ғимараттарға орналастыру жайлы шешім қабылдадық. Біз қосымша сараптама туралы мәселені пысықтап жатырмыз. Үшінші ғимарат-университеттің ең ескі ғимараттарының бірі, ол 1958 жылы қолданысқа берілген. Ғимарат ерекше, оның өзіндік архитектуралық стилі бар. Сараптамадан кейін біз нысанға қатысты не істейтінімізді шешеміз”, – деді
Қозыбаев университеті Басқарма Төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев.

ЖОО ректоры оның қолында жобалық-сметалық құжаттама бар екенін де атап өтті. Онда ғимаратты жөндеу үшін 1 млрд теңге жұмсалуы мүмкін екеніні жазылған. Бұл – алдын ала ақпарат, деп атап өтті Ербол Исақаев.

Shares