Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде Президенттің жаңа Жолдауы талқыланды

Петропавлдағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде Президенттің жаңа Жолдауы талқыланды

СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жаңа стратегиялық құжатты талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, педагогтар, ардагерлер қатысты.

“Президент Жолдауында 9 бағытты атап өтті. Олар бойынша біздің еліміз дамитын болады. Мен өзім үшін бірқатар ойды түртіп алдым. Президент ШОБ қолдауды қажет ететінін айтты. Маған салық салудың сараланған тәсілі жайлы айтқаны ұнады, бұл шағын бизнестегі адамдарға орта бизнеске өтуге көмектеседі деп ойлаймын. Мемлекет басшысының халықты несиелендіру туралы сөздерін бөліп айтуға болады, ол Банктер туралы заң қажет екенін де атап өтті. Президент біздің халқымыздың құндылықтары, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы туралы тілге тиек етті, ол ксенофобия біздің халқымызға кез-келген түрде жат екенін де жеткізді. Біз қазір солтүстікқазақстандықтардың құндылықтарын дамыту үшін жұмыс істейтін боламыз”,- деді СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Сәуле Сүлейменова.

Shares