Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ірі көлемдегі гербицидті ұрлаған күдікті ұсталды

СҚО-да ірі көлемдегі гербицидті ұрлаған күдікті ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде ірі көлемдегі гербицидті ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Полицейлердің жедел ақпаратпен жұмыс істеуінің арқасында күдіктілерді анықтап, ұстау мүмкін болды. Тамыз айының басында Жамбыл ауданы аумағында екі көлік тоқтатылды. Автокөліктердің бірінен 40 канистр гербицид алынды. Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия табылды, ал Петропавл қаласындағы жалға алынған автотіркемеден қызметкерлер ұрланған гербицидтерді құю үшін дайындалған бос канистрлерді тәркіледі.

“Ұрлықты жасады деген күдікпен кәсіпорынның 31 жастағы қызметкері ұсталды. Ұрланған гербицидтердің жалпы көлемі 460 литрді құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына келтірілген залал сомасы 7,6 млн теңгеге бағаланды. Ірі көлемде бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесіледі. Ұрланған мүлік тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады”,– деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Shares