Петропавлда өткен “Clear-FEST” эко-марафонына 150-ге жуық белсенді қатысты
Петропавл Жастар ресурстық орталығының мүшелері облыстық ЖРО белсенділерімен бірлесіп, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Clear-FEST” экологиялық марафонын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Біз Мещан орманы аумағын ретке келтіреміз, мұнда қала тұрғындары жиі болады. Өкінішке қарай, олардың кейбіреулері демалғаннан кейін қоқыстарын жинамайды. Акцияға 35 жасқа дейінгі жастар қатысады. Эко-марафонға 150-ге жуық адам тартылды”, – деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин.
Экологиялық фестиваль аясында 10 адамнан тұратын командалар уақытқа қоқыс жинады. Яғни спорттық жарыс өтті, сонымен қатар қатысушылар командалардың атауы мен ұранын қамтитын шағын қойылым дайындады. Экологиялық марафон жеңімпаздары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.