Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанда халықаралық MICS зерттеуі бастау алды

Қазақстанда халықаралық MICS зерттеуі бастау алды

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап еліміз бойынша ЮНИСЕФ-пен әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды, ол 24 мың үй шаруашылығын қамтиды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жұлдыз Нұрғалиеваның айтуынша, Қазақстанда MICS зерттеуі осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін ол 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген.

MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалау және мониторингтен өткізу, сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу.

Бұл олардың әл-ауқатын тиімді бақылауға және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту және басқа да көптеген аспектіні қамтитын сұрақтардан тұрады.

MICS 2024 аясында бес негізгі сауалнама парағы болады: үй шаруашылығы, әйелдерге арналған, ерлерге арналған, бес жасқа дейінгі балалар туралы, бес жастан он жеті жасқа дейінгі балалар туралы

Сауалнамаға қатысу ерікті түрде өтеді, алынған ақпарат анонимдігі қатаң сақталады және ол тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылады. Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайтында жарияланады.

Shares