Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да қыркүйекте жиі найзағай ойнайды, бұршақ жауады, екпінді жел соғады

СҚО-да қыркүйекте жиі найзағай ойнайды, бұршақ жауады, екпінді жел соғады

СҚО-да синоптиктер күздің бірінші айына болжам жасады. “Қазгидромет” РМК облыстық филиалының мәліметінше, қыркүйектің бірінші онкүндігінде түнде ауа температурасы +2+10°С құрайды, 2°С салқындау болуы мүмкін, күндіз көрсеткіш +8+15°С дейін көтеріледі, онкүндіктің соңында сынап бағанасы +21°С көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде түнде күтілетін ауа температурасы – +3+8°С, жекелеген аудандарда 3-6 градусқа дейін салқындау байқалуы мүмкін, күндіз температура +12+19°С-тан +21°С-қа дейін ауытқиды”, – делінген “Қазгидромет” РМК СҚОФ хабарламасында.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады, кей жерлерде нормадан асады деп те болжануда. Жауын-шашын ай ішінде жиі күтіледі, арасында 1-3 күндік ашық күндер болады. Кейбір күндері найзағай ойнайды, бұршақ жауады және екпінді жел соғып, қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Тұман да жиі күтіледі. Қыркүйектің үшінші онкүндігінде жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Екпіні 15-20 м/с құрайтын жел қыркүйек айында жиі күтіледі.

“Қазгидромет” РМК СҚОФ бұл болжам консультативтік болып табылатынын, оған қосымша онкүндік және апталық болжамдар шығарылатынын атап өтті.

Shares