Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “СҚО жастары акцияға белсенді түрде қатысады”, – “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова “Таза Қазақстан” шарасының маңыздылығы жайлы

“СҚО жастары акцияға белсенді түрде қатысады”, – “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова “Таза Қазақстан” шарасының маңыздылығы жайлы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы азаматтарды біріктірді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы еліміздің халқына арнаған Жолдауында айтты. Президент бірнеше айдың ішінде акцияға 3 миллионға жуық адам қатысып, жүздеген мың аула ретке келтірілгенін, бір миллион тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Президент “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясының үлкен рөлін атап өтті. СҚО жастары акцияға белсенді қатысады. Мен барлығын осындай экологиялық шараларға қатысуды жалғастыруға шақырамын. Біріншіден, бұл халықтың санасын өзгертеді, екіншіден, біз бірлескен күш-жігермен елімізді жақсартамыз. Сондай-ақ барлық қазақстандықтарды референдумға қатысуға, Отанымыздың игілігі үшін таңдау жасауға шақырғым келеді”, – деді “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова.

Shares