Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылы СҚО-дағы ең ірі ҚТҚ полигонын пайдалану мерзімі аяқталады

2025 жылы СҚО-дағы ең ірі ҚТҚ полигонын пайдалану мерзімі аяқталады

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ҚТҚ орналастырудың 450 объектісі бар, оның ішінде тек 11 полигонның рұқсат беру құжаттамасы жасалған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмудің негізгі орындарының бірі Петропавл қаласының полигоны – “Қызылжар Тазалық” ЖШС болып табылады. Бүгін оның жұмысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Полигонның пайдалану мерзімі 2025 жылы аяқталады, себебі толымдылық 100% жетеді. Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін полигонды рекультивациялау және өзге де қажетті іс – шаралар жүргізіледі”, – деді “Қызылжар Тазалық” ЖШС экологы Татьяна Ковтун.

Жыл сайын бұл полигонда қалдықтардың тұтану жағдайлары тіркеледі.

“Мәселен, 2024 жылдың өткен кезеңінде СҚО ТЖД материалдарына сәйкес қалдықтардың өртенуіне қатысты 2 жағдай тіркелді. Экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша “Қызылжар Тазалық” ЖШС экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, орындалған нұсқама енгізілді”, – деді СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Асхат Мәпенов.

Shares