Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазан айында “Севказэнергосбыт” ЖШС кассаларының жұмыс режимі өзгереді

Қазан айында “Севказэнергосбыт” ЖШС кассаларының жұмыс режимі өзгереді

“Севказэнергосбыт” ЖШС өзінің Instagram парақшасында тұтынушыларға арналған хабарландыру жариялады. Онда 1 қазаннан бастап Петропавл қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 66 мекенжайы бойынша орналасқан кассалардың жұмыс режимі өзгеретіні айтылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Кассалар жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Сенбі, жексенбі – демалыс күндері”, – делінген “Севказэнергосбыт” ЖШС хабарламасында.

Сонымен қатар, кәсіпорында байланыс орталығы жұмыс істейді (тел.500-666). Оның мамандары күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз және түскі үзіліссіз қоңыраулар қабылдайды.

Shares