Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сергеев және Петропавл тораптарында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталды

Сергеев және Петропавл тораптарында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталды

Сергеев және Петропавл су тораптарының жағдайы қанағаттанарлық және келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайын, деп хабарлайды QZ News тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Биыл су тасқыны кезеңінде Сергеев су қоймасына шамамен 9 млрд текше метр су келіп, 8,8 млрд текше метрден астам су жіберілді. Айта кету керек, нысан салынғаннан бері мұндай көрсеткіш болмаған. Ал, Петропавл су қоймасы арқылы нысанның 360–тан астам көлеміндей су өтті», – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин.

Шұғайып Ибатуллиннің толықтыруынша, филиал су тораптарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс-шараларды жүргізуде. Бүгінгі таңда екі нысанда да жағалауды нығайту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, биыл Сергеев су электр станциясының сыртқы бетон конструкцияларын гидрооқшаулау, Петропавл су торабының қақпаларындағы тығыздау элементтерін ауыстыру және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр.

Shares