Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтары Астанада қанат жайған «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесін тамашалауда

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтары Астанада қанат жайған «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесін тамашалауда

Астанада бастау алған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Қазанат» атшабарының жанындағы 10 гектар аумақта «Көшпенділер әлемі» атты этноауыл бой көтерді. Онда ауқымды шараның қонақтары қазақтың бай әлеміне бағыт алады, қазақ халқының және көшпелі халықтардың төл мәдениетімен танысады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Этноауыл жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері қатысуда. Үлкен киіз үйде «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты бірегей көрме қанат жайды. Оны Америкадан, Шотландиядан, Бельгиядан, Мароккодан, Мексикадан және басқа да елдерден келген қонақтар тамашалап үлгерді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Қазақстандағы жылдың айтулы оқиғасы. Шараға 89 елден келген 2000-нан астам адам қатысуда. «Көшпенділер әлемі» этноауылы 7 қыркүйекте өз жұмысын бастады. Оның қонақтарына арналған іс-шаралар бағдарламасы 13-іне дейін жалғасады.

Shares